Accessibility links

Министрлік: Қазақстанда дизель отыны бағасы 115 теңгеге жетуі мүмкін


Ресейлік "Газпромнефть" компаниясына қарасты жанармай бекетіндегі жанармай бағасы (Көрнекі сурет).
Ресейлік "Газпромнефть" компаниясына қарасты жанармай бекетіндегі жанармай бағасы (Көрнекі сурет).

Қазақстанда дизель отынының бағасы оны мемлекеттік ретету алынған соң литріне 115 теңге көлемінен аспайды деп хабарлады энергетика вице-министрі Әсет Мағауов министрлікте өткен жиында.

Үкіметтің ресми сайтында хабарланғандай, Мағауов министрлік Қазақстан нарығында әсіресе күзде дизель отыны тапшылығын болдырмау үшін дизель бағасын реттеуден бас тарту жоспарын жариялаған. Ол елде дизель отыны бағасының арзан болуына байланысты дизель баға екі есеге жуық қымбат Ресей мен Қырғызстанға сатылып жатыр дейді.

"Бізде тұтыну көлемі өткен жылғымен салыстырғанда күрт өсті. Тапшылықтың орнын толтыру үшін біз сәйкесінше Ресейдегі көтерме бағаны, салықтың жоқтығын ескере отырып дизель отынын жеткізе аламыз және Ресейден дизель жеткізетін компаниялар Қазақстандағы дизель отыны литрінің бағасын 115 теңге деңгейінде белгілей аламыз деп санаймыз. Біз бірінші кезекте Солтүстік Қазақстанның сұранысын қосымша дизель жанармайын жеткізу есебінен өтейміз, қалғанын Қазақстанның басқа өңірлеріне жібереміз және осыйлай күзгі маусымда тапшылықты болдырмаймыз" деген Мағауов.

Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде қазір дизель отынының бір литрі 99 теңгеден сатылып жатыр.

XS
SM
MD
LG