Accessibility links

Ақтөбедегі шабуылға күдіктілерді қамау мерзімі ұзарды


Бақылау камерасына түсіп қалған шабуылға шыққан қарулы топ құрамындағы бірнеше адам. Ақтөбе, 5 маусым 2016 жыл.

Бақылау камерасына түсіп қалған шабуылға шыққан қарулы топ құрамындағы бірнеше адам. Ақтөбе, 5 маусым 2016 жыл.

Ақтөбеде 5 маусымдағы қарулы шабуылдарға күдіктілерді қамау мерзімі екі айға дейін ұзартылды деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Соттың баспасөз қызметі Ақтөбенің №2 соты күдіктілер Азамат Абдрахманов, Әлібек Ақпанбетов, Айдос Жұбанов, Асхат Иманғалиев, Бақыт Қуанышбаев, Жаңабай Қуанышбаев, Әнуар Садықов, Асхат Рахметов және Әрсен Таңатаровты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішті 27 шілдеде қанағаттандырған.

2016 жылы маусымның 5-і күні Ақтөбеде белгісіз адамдар қару-жарақ сататын "Паллада" және "Пантера" дүкендеріне және ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан 7 адам (үшеуі - әскери) қаза тапқан. Бірнеше күнге жалғасқан арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, тағы бірнеше адамның ұсталғаны хабарланған.

Өткен аптада Ақтөбеде "қалада теракт жасалайын деп жатқаны туралы хабар бермеді" деген күдікпен жергілікті үш тұрғын ұсталған.

XS
SM
MD
LG