Accessibility links

АҚШ Мәскеудің Алепподағы "гуманитарлық миссиясына" алаңдайды


Алеппо түбіндегі Лерамун елді мекенінде жүрген сириялық әскерилер. Сирия, 28 шілде 2016 жыл.

Алеппо түбіндегі Лерамун елді мекенінде жүрген сириялық әскерилер. Сирия, 28 шілде 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейдің Сирияның Алеппо қаласында "кең ауқымды гуманитарлық операциясына" алаңдайтынын білдіріп, Мәскеу көтерілісшілерден өз еркімен берілуді талап етеді және қоршаудағы қаладан бейбіт тұрғындарды күштеп көшіруге ниетті деп мәлімдеді.

28 шілдеде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей мен Сирия әскері Алеппода бейбіт тұрғындарға арналған гуманитарлық дәліз ашатынын және қаруын тастаған көтерілісшіл жасақтарға қаладан қауіпсіз түрде шығып кетуді ұсынатынын жариялаған. Оның сөзінше, қаладан шығып кететін үш дәліз ашылып, қала сыртында азық-түлік және лғашқы медициналық көмек көрсететін пунктер құрылған.

Сирия әскері 250 мың адам тұрып жатыр делінетін Алеппоны қоршауға алуды күшейткен. Кейбір тұрғындар ұсынысты қабылдамай, өздеріне Алеппода "біртіндеп өлу" немесе "қаладан шығатын кезде ұстап, азаптап өлтіру" жолының бірін таңдау ұсынылғанын айтады. Дамаскіде Сирия президенті қаруын тастап, алдағы үш ай ішінде өз еркімен берілген көтерілісшілерге рақымшылық жасайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG