Accessibility links

Қытай мен Ресей даулы теңізде әскери жаттығу өткізбек


Оңтүстік Қытай теңізінде әскери жаттығуға қатысып жатқан қытайлық әскери кемелер. Мамыр 2016 жыл.

Оңтүстік Қытай теңізінде әскери жаттығуға қатысып жатқан қытайлық әскери кемелер. Мамыр 2016 жыл.

Қытай мен Ресей қыркүйекте Оңтүстік Қытай теңізінде "жоспарлы" әскери-теңіз күштері жаттығуын өткізбек. Қытай қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаттығу әскери ынтымақтастықты күшейту үшін өткізілмек.

Жаттығу Оңтүстік Қытай теңізі аймағының территориялық мәртебесіне қатысты дау күшейген тұста өтейін деп отыр. Осы айда Гаагадағы халықаралық сот Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі өзіне тиесілі деп санайтын даулы аралдарға ие болуға тарихи құқығы жоқ деген шешім шығарған. Бірақ Пекин Гаага сотының бұл шешімін мойындамаған. Ал Ресей Пекиннің бұл мәселеге қатысты Филиппинмен және басқа да көршілерімен дауында Қытайды қолдап шыққан.

"Бұл - екі ел қарулы күштері арасындағы Қытай-Ресей стратегиялық ынтымақтастығын дамытуға арналған әдеттегі жаттығу. Жаттығу үшінші бір елге қарсы бағытталмаған" деп хабарлады Қытай қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ян Юйцзюнь.

Өткен жылы Қытай мен Ресей Жапон теңізі мен Жерорта теңізінде бірлескен әскери жаттығу өткізген.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джон Кирби Қытай мен Ресейді халықаралық заңмен санасуға шақырды. "Бұл жерде жаттығу өткізіп, шиеленісті күшейтудің қажеті жоқ. Жаттығулар мен операциялар күш-қуатын шыңдауды көздейді. Бұл нәрсе жаттығудың қалай өтетініне байланысты. Біз бұл жаттығулар мен операциялар халықаралық міндеттемелер мен заңдарға сай өтеді деп күтеміз" деді Кирби.

XS
SM
MD
LG