Accessibility links

Ауғанстанда ИМ-мен ұрыста америкалық бес сарбаз жараланды


Ауғанстандағы АҚШ әскерилері (Көрнекі сурет).

Ауғанстандағы АҚШ әскерилері (Көрнекі сурет).

АҚШ билігі Ауғанстанның шығысында өздерін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының мүшелері деп атаған содырлармен ұрыста америкалық бес сарбаз жараланғанын хабарлады. Генерал Джон Николсонның хабарлауынша, әскерилер Нангархар уәлаятында арнайы тапсырманы орындау кезінде жараланған. Генералдың сөзінше, екі сарбаз ендігі қызметке қайта оралған, үшеуі эвакуацияланған.

Маусым айында АҚШ президенті Барак Обама америкалық әскерилердің Ауғанстандағы содырларға қасы операцияларға қатысуына рұқсат етпейтін ережеден бас тартқан. Әскерилерге ауған әскеріне көмектесу үшін талибтер мен басқа да содырларға қарсы әуе шабуылын жасап, өзге де тактикалық шаралар қолдануына рұқсат етілген.

ИМ мүшелері "Талибан" қозғалысы ішінде бөлінушілік пайда болған соң Нангархар уәлаятының бір бөлігін басып алған. ИМ-нің бірнеше мүшесі ИМ-ге өтіп, талибтер мен үкімет әскеріне бірдей қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG