Accessibility links

Ауған әскері бақылаудағы жерінің 5 пайызынан айырылған


Кундуз уәлаятында ауған сарбаз "Талибан" шебін нысанаға алып тұр. Ауғанстан, 19 шілде 2016 жыл.

Кундуз уәлаятында ауған сарбаз "Талибан" шебін нысанаға алып тұр. Ауғанстан, 19 шілде 2016 жыл.

Ауғанстан үкіметі америкалық әскерилердің елден кетуі кешеуілдегеніне қарамастан 2016 жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі аралықта бақылауындағы территориясының бес пайызға жуығынан айырылып қалған. Бұл туралы АҚШ үкіметі жанындағы Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі арнайы бас инспекторының баяндамасында айтылады.

29 шілдеде жарияланған есепте ауған үкіметі қаңтардың соңында бақылауда ұстаған 70,5 пайыз жердің мамырдың соңында 65,6 пайызына иелік еткені айтылған.

Ауғанстандағы АҚШ әскерилеріне сілтеме жасалынған есеп бойынша, территорияның "Талибан" қозғалысы бақылауына өтіп кетуінің себебі "операциялар, қарсы шабуыл мен оны қолдауға, тактикалық іс-қимылдар жасауға" басымдығы төмен аймақтардан ауған әскерінің жеткізілуі болған.

АҚШ-тың Ауғанстандағы әскерінің командирі Джон Никольсонның айтуынша, "Талибанға" өтіп кеткен территорияның көпшілігі ауылды жерлер.

Баяндамада "Талибанға" территорияның өтіп кеткенімен бірге ауған армиясы "Ислам мемлекеті" және "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымдарының қысымына ұшырап отырғаны айтылады.

АҚШ президенті Барак Обама шілденің басында Ауғанстандағы 8 400 америкалық әскер 2016 жылдың соңына дейін қалатынын мәлімдеген. Бұған дейін ол Ауғанстандағы АҚШ әскері санын 2017 жылдың қаңтарына дейін 5 мың 500-ге дейін азайту жоспары барын білдірген еді.

XS
SM
MD
LG