Accessibility links

Ресей президентінің бұрынғы күзетшісі аймақ басшысы болып тағайындалды


Евгений Зиничев.

Евгений Зиничев.

Ресейдің Калининград облысының губернаторы міндетін атқарушы болып тағайындалған Евгений Зиничев бұрын Ресей президентінің қауіпсіздік қызметінде істеген. Бұл туралы Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің Калининград облысы бойынша басқармасының бұрынғы бастығы Евгений Зиничевті осы аптада облыс жетекшісінің міндетін атқаруға тағайындаған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Зинчевтің бұрын президент қауіпсіздік қызметінде жұмыс істегенін РБК агенттігіне растады.

Калининград облысы үкіметінің ресми сайтында жариялаған Зинчевтің өмірбаянында ол 1987 жылдан 2015 жылға дейін «мемлекеттік қауіпсіздік органдарында әртүрлі қызмет атқарған» деп қана жазылған.

XS
SM
MD
LG