Accessibility links

Бельгияда теракті жасамақ болған деген күдікпен екі адам ұсталған


Бельгиялық арнайы жасақ мүшесі дүрбімен қарап тұр. 21 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Бельгиялық арнайы жасақ мүшесі дүрбімен қарап тұр. 21 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Бельгия полициясы теракт жасауға дайындалған деген күдікпен ағайынды екі адамды ұстаған.

33 жастағы Нұреддин Х. Мен оның інісі Хамза Х. есімді күдіктілер жұма күні кешкісін полиция олардың мекен-жайына жүргізген тінту барысында ұсталған деп хабарланды. Сот ол екеуіне қандай бұлтартпау шарасын тағайындалатыны туралы шешімін бүгін шығаруы тиіс.

Бельгия федералдық прокуратурасының хабарлауынша, полиция Монс пен Льеж қалаларында 7 жерде тінту жүргізген. Қару-жарақ, жарылғыш заттар табылмаған.

Биыл 22 наурызда Брюссель әуежайына жасалған террорлық жарылыстар салдарынан 32 адам қаза тапқан. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы ол шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

Тергеу барысында күдіктілердің 2015 жылы қарашаның 13-і күні Франция астанасы Парижде 130 адамның өмірін қиған террорлық шабуылдар мен жарылыстарды жасағандармен тығыз байланысы болғаны анықталған.

XS
SM
MD
LG