Accessibility links

Украинада «Аймақтар партиясы» фракциясының бұрынғы жетекшісі ұсталған


Украинадағы «Аймақтар партиясының» Жоғарғы Рададағы фракциясының бұрынғы жетекшісі Александр Ефремов.
Украинадағы «Аймақтар партиясының» Жоғарғы Рададағы фракциясының бұрынғы жетекшісі Александр Ефремов.

Украинадағы «Аймақтар партиясының» Жоғарғы Рададағы фракциясының бұрынғы жетекшісі Александр Ефремов «Украинаның территориялық біртұтастығы мен қолсұғылмаушылығын бұзатын іс-әрекетке барған» деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы бүгін Украина бас прокуроры Юрий Луценко хабарлаған.

Ефремовты Киев әуежайында, Венаға ұшқалы тұрған кезінде ұстаған. Прокуратураның мәліметі бойынша, Венада оның ұлы тұрады.

«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Ефремов бірінші рет 2015 жылы ақпанда ұсталып, бірақ кейін 150 мың долларға жуық ақша төлеп кепілге шыққан. Оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған, кейін олардың бірі – «алауыздық қоздыру» айыбы бойынша қозғалған іс жабылған.

2014 жылғы қаңтардың 16-сы күнгі «диктаторлық заң» қабылдауға атсалысқандары үшін Ефремов пен оның партиялас серігі, экс-депутат Александр Стоян және Украина компартиясынан сайланған экс-депутат Сергей Гордиенко үшеуінің үстінен қозғалған қылмыстық істі қарауды Киевтің Соломенск соты тамыздың 10-ына қалдырған.

Биыл мамыр айының басында Ефремов өзін электронды кісеннен босатып, шетелдік паспортын қайтарып бергені туралы мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG