Accessibility links

Түркияда апта ішінде ондаған журналист ұсталған


Түркия билігін қолдаушылар шеруде тұр. Стамбул, 17 шілде 2016 жыл.

Түркия билігін қолдаушылар шеруде тұр. Стамбул, 17 шілде 2016 жыл.

Түркияда соңғы аптада 50-ге жуық журналист ұсталып, 300-дей БАҚ қызметкерлерін баспасөз өкілі құжатынан айырған деп мәлімдеді журналистерді қорғау комитеті.

Билік баспасөз қызметкерлерін тұтқындау туралы 80-нен астам ордер берген. Түркия үкіметі ұсталған БАҚ қызметкерлерінің Фетхулла Гүленмен байланысы бар деп санайды. Ресми Анкара 16 шілдедегі мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырған деп қазір АҚШ-та тұрып жатқан 76 жастағы Гүленді айыптайды. Гүлен Түркиядағы бүлікке қатысы жоғын мәлімдеп, өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарады.

Жұма күні Стамбул соты 17 журналистке терроризм айыбын таққаны мәлім болды.

Түркияда төтенше жағдай енгізілген соң 100-ден аса ұлттық көлемде хабар таратып келген БАҚ жабылған. 16 шілдедегі бүліктен соң оған қатысы бар деген күдікпен барлығы 18 мыңнан астам адам ұсталып, 10 мыңға жуық адам тұтқынға алынған. Ондаған мың адам мемлекеттік қызметтен қуылған.

XS
SM
MD
LG