Accessibility links

Павлодарда «Ертіс күні» мерекесі өтті


Павлодар қаласының орталығындағы Ертіс өзені жағалауы. 30 шілде 2016 жыл.

Павлодар қаласының орталығындағы Ертіс өзені жағалауы. 30 шілде 2016 жыл.

Павлодарда жұртшылық бүгін «Ертіс күні» мерекесін атап өтті. Үшінші жыл қатарынан өткізілген қалалық мейрам аясында орталықтағы өзен жағалауында жергілікті суретшілер картиналары мен кемелер модельдерінен көрме ұйымдастырылды.

«Ертіс күні» мерекелік шарасы аясында Аққу-Павлодар бағыты бойынша төрт күндік қайық жарысы өтті. Оған қатысушылар Аққу кентінен ондаған километр қашықтықты жүзіп өткен. Қалың нөсерден Ертісте су деңгейі көтеріліп кеткендіктен, автомобиль жолымен салынған көпір астынан өтерде қайықтардың бірінің діңгегі зақымданған.

Өзен шеруіне 30-дан астам қайық қатысқан. Олардың арасында шағын катерлер, жеңіл моторлы қайықтар, көрші Ресейден келген яхталар бар.

XS
SM
MD
LG