Accessibility links

Қарағандыда тұрғындар өз бастамаларымен саябақтағы тоғанды тазартты


Қарағандының орталық саябағындағы тоғанды тазарту бастамасына үн қосқан белсенділер қоқыс-қалдықты жинастырып жатыр.Қарағанды, 30 шілде 2016 жыл.
Қарағандының орталық саябағындағы тоғанды тазарту бастамасына үн қосқан белсенділер қоқыс-қалдықты жинастырып жатыр.Қарағанды, 30 шілде 2016 жыл.

Жергілікті белсенділер бастамасына үн қосқан жүзге жуық адам бүгін Қарағандының орталық саябағындағы тоған мен оған жапсарлас аумақты қалдық пен қоқыстан тазартуға қатысты. Экологиялық шараны «Нәтиже» сүт фабиркасы мен облыстық экологиялық музей ұйымдастырған. Осыған дейін өткізілген экологиялық жәрмеңкеден жиналған қаржы саябақтағы тоған аумағын көріктендіруге жұмсалды.

– Біз бүкіл тоғанды «жаулап» алып, оны тазартуға кірістік. Осы жерге бес орындықты цементпен мықтап орналастырдық. Бес қоқыс жәшігін қойдық, біршама құс ұясын ілдік. Саябақ шаруашылығы техника бөлді. Қалаға жар салып едік, көптеген адам қолдау танытты, өте көңілді де қызықты өтті. Жұмысты аяқтаған соң таза ауада ыстық бауырсақ, салқын айранмен шағын дастархан жайдық, - деді Азаттық тілшісіне «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры Ерлан Әшім.

Бірнеше сағат жалғасқан жұмыс барысында тоған түбі мен жапсарлас аймақтан жиналған қоқыс ондаған үлкен қанарға толды. Жиналған ағаш бұтақтары, әртүрлі заттар жүк көлігіне тиелді.

– Жыртылған мата, шағылған, сынған және басқа заттарды қоқыс төгетін орынға жіберіледі. Ал пластик пен әйнекті жеке жинастырдық, оларды Теміртаудағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытына апарады, - дейді облыстық экологиялық музейдің бастығы Дмитрий Калмыков Азаттыққа.

Орталық саябақ – Қарағандыдағы көпшіліктің келетін демалыс орны. Қаланың байырғы тұрғындарының айтуынша, мұндағы тоғанды бұрын құстың небір түрі мекендеген.

ОҚИҒА ОРНЫНАН АЗАТТЫҚ ФОТОРЕПОРТАЖЫ:

XS
SM
MD
LG