Accessibility links

Түркия билігі бүлікке күдікті ретінде қамалған жүздеген әскериді босатты


Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң ұсталған түрік әскерилері. (Көрнекі сурет.)

Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң ұсталған түрік әскерилері. (Көрнекі сурет.)

Стамбул соты 16 шілдедегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған 750-ден астам әскериді сенбі күні қамаудан босатты. Сот барлығы мыңға жуық істі қараған.

Бостандыққа шыққандардың арасында әскери училище курсанттары да бар. Олар тергеуге куәлік берген соң босатылған. Бұған дейін әскери бүлікке 8500-ден астам әскеридің қатысы бар деп хабарланған.

Түркияда шілденің 16-сы күні мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бүлікшілер әрекеті сәтсіздікке ұшыраған соң 18 мыңнан астам адам ұсталып, олардың 10 мыңға жуығы тұтқындалған. Ондаған мың адам армия қатарынан, полиция, сот және мемлекеттік қызмет органдарынан босатылған. Бүкіл ел көлемінде жүзден аса бұқаралық ақпарат құралы жұмысын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG