Accessibility links

Совет әдебиетінің классигі Фазиль Искандер қайтыс болды


Совет әдебиетінің классигі Фазиль Искандер.

Совет әдебиетінің классигі Фазиль Искандер.

Ресей астанасында 87 жасында белгілі жазушы, совет әдебиетінің классигі Фазиль Искандер қайтыс болған. Жазушы бүгін таңертең Переделкинодағы саяжайында дүниеден өткен деп хабарлайды ресейлік баспасөз құралдары.

Фазиль Искандер 1929 жылы Сухуми қаласында туған. 1954 жылы Мәскеудегі Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. 1957 жылы «Тау соқпақтары» («Горные тропы») атты алғашқы өлеңдер кітабы Сухумиде жарық көрген. 1950-жылдардың соңынан бастап Искандердің шығармалары «Юность» журналында жариялана бастаған.

Ол «Таутеке шоқжұлдызы», «Чегемнен шыққан Сандро», «Чика», «Қояндар мен аждаһалар», «Ақын», «Адам және оның айналасы» және өзге де шығармалардың авторы.

XS
SM
MD
LG