Accessibility links

Францияда мұсылмандар католиктер құлшылығына қатысты


Францияның Сент-Этьен-дю-Руврдегі шіркеуде радикалдар өлтірген шіркеу қызметкері Жак Амелие.
Францияның Сент-Этьен-дю-Руврдегі шіркеуде радикалдар өлтірген шіркеу қызметкері Жак Амелие.

Францияда содырлардың католик діни қызметкерін өлтірген соң Франция мен Италияда мұсылмандар шіркеулер мен соборларға католиктердің діни құлшылығына барды. Ондаған мұсылман өткен аптада радикалдар шіркеуге басып кіріп, 85 жастағы дін қызметкері Жак Амелиені өлтірген Сен-Этьен-дю-Руврге жақын Руан қаласындағы соборға жиналды.

Құлшылықты жүргізген архиепископ Доминик Лебрюн "Біздің мұсылман достарымыздың бізге келгеніне көңіліміз босап отыр. Олар бізге келіп, батыл іс жасады деп санаймыз" деді. Кейбір мұсылмандар құлшылықта алдыңғы қатарда отырған. Құлшылыққа қатысқандардың арасында шіркеуде аз уақыт кепілге алынған монах әйел де болды. Құлшылықтан соң мұсылмандар мен католиктер қол алысып, құшақтасты.

Тағы бір топ шіркеуде "Махаббат - барлығына ортақ. Жаулық - ешкімге керек емес" деген жазуы бар плакат ұстады. Францияның басқа қалаларында да және Италияда да құлшылыққа мұмылмандар қатысты.

XS
SM
MD
LG