Accessibility links

Алматыдағы шабуылдан жараланған екі полицей көз жұмды


Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы полиция бөліміне шабуылдан жараланған екі полиция қызметкері ауруханада қайтыс болды. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, шабуылда жараланған полиция сержанты, 1973 жылы туған Серік Әбілдаев пен полиция лейтенанты, 1992 жылы туған Мейрамбек Рахматуллаев жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Ресми мәлімет бойынша, Серік Әбілдаев жол-патруль полициясы полкінде қызмет істеген. Мейрамбек Рахматуллаев Алмалы аудандық ішкі істер басқармасында учаскелік инспектор болған.

18 шілдеде Алматыда полиция бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне жасалған қарулы шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны осымен жеті адамға жетті. Олардың бесеуі - полиция қызметкері. Шабуыл кезінде және одан соң көшеде қарудан оқ атылып, әуелде үш полицей мен шекара қызметінің бір сарбазы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сегіз адам жараланып ауруханаға түскен.

Қылмысқа күдікті ретінде Алматы облысының тұрғыны, 1990 жылы туған Руслан Күлекбаев ұсталып, екі айға қамалған.

XS
SM
MD
LG