Accessibility links

Тайвань президенті аралдың байырғы тұрғындарынан кешірім сұрады


Тайвань президенті Цай Инвэнь.
Тайвань президенті Цай Инвэнь.

Тайвань президенті Цай Инвэнь этникалық қытайлардың аралға 400 жыл бұрын қоныс аударғаннан бері аралдың байырғы тұрғындары қысым көргені үшін бірінші рет ресми түрде кешірім сұрады деп хабарлайды BBC.

Гаошандар деп аталатын Тайваньның байырғы халықтары қазір аралдағы халықтың 2 пайызын ғана құрайды. Бұл халықтың өкілдері ертедегі жерлерін жоғалтқаны және дәстүрін сақтай алмай жүргендері туралы бірнеше рет шағым айтқан болатын. Гаошандардың көбі автсронезия тілдерінде сөйлейді. Жартылай не толықтай қытай тіліне көшкендері де көп.

Президент Цай 16 этникалық топтың көсемдерімен кездесіп, суретке түсті. Кездесу барысында бір-біріне сый-сыяпат көрсететін дәстүрлі рәсім өтті. Гаошань өкілдері ұлттық киімдерін киіп, мерекелік бас киімдерін іліп келді.

Бұдан бөлек, Цайдың баспасөз қызметі байырғы халықтардың ісі бойынша президент төрағалық ететін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. 59 жастағы Цай Инвэнь Тайвань әкімшілігі басшысы қызметін мамыр айынан атқарып келеді.

XS
SM
MD
LG