Accessibility links

Тәжікстанда оқырманға түсініксіз сөз қолданған журналиске айып салынбақ


Тәжікстандық журналистер (Көрнекі сурет).

Тәжікстандық журналистер (Көрнекі сурет).

Тәжікстанда қарапайым оқырман түсіне алмайтын күрделі сөздерді қолданған журналистерге 100 АҚШ долларына дейін айппұл салынатын болды.

Тәжікстан терминология комитетінің басшысы Гавхар Шарифзоданың айтуынша, елде кейбір журналистер күніне қарапайым оқырман, тыңдарман немесе көрерменге түсініксіз 10 сөзге дейін қолданады. "Жазу ережесі және мемлекеттік тілдің барлық адам бірдей сақтауы тиіс өз талаптары бар. Журналистер күрделі сөздерді қолданып, мемлекеттік тілдің талаптарын өрескел түрде бұзып отыр" дейді Шарифзода.

Оның сөзінше, тіл талаптарын сақтамаған жекелеген журналистерге 75-100 АҚШ доллары, компнаияларға 150-200 АҚШ доллары аралығында айыппұл салынбақ.

Тәжікстанда бұған дейін жаңа туған сәбилерге шетелдік есім қоюға тыйым салынған.

Тәжікстанда мемлекеттік тіл - тәжік тілі әлі де кирилл алфавитінде жазба түрде қолданылса да, орыс тілі 2009 жылдан бері ресми тіл ретінде қолданылмайды.

Таяуда тәжік билігі тәжік тіліне парсы тілі мен Ауғанстанда қолданылатын дари тілінің ықпалы артып келе жатқанына шағымданған.

XS
SM
MD
LG