Accessibility links

ЕҚЫҰ Арменияны журналистерді қорғауға шақырды


Дунья Миятович, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі

Дунья Миятович, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Дунья Миятович Армения билігін журналистер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және БАҚ өкілдерін полицейлерден немесе қылмыстық элементтерден қорғауға кепіл болатын шаралар жасауға шақырды.

Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандиянға үндеуінде Миятович «Армения билігі құқық қорғау органдары өкілдерін журналистерге ұстамдылық танытуға мәжбүрлейтіндей шаралар қабылдауы тиіс екені» айтылады. «Полиция журналистер мен БАҚ өкілдерін қорғауы тиіс» дейді Миятович.

Ереванда 29 шілде күні өткен қақтығыста 15 журналист, оның ішінде Азаттықтың Армян редакциясының қызметкерлері зардап шеккен.

Полицияның қарулы топ басып алған полиция полкі территориясы жанындағы демонстранттарды күшпен таратуы кезінде журналистерге әдеттегі киім киген, резеңке таяқ пен темір шыбық ұстаған адамдар шабуылдаған. «Азат Еуропа/Азаттық радиосының» президенті Том Кент баспасөз қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты айыптаған. Ол полиция журналистер қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне үміттенген.

XS
SM
MD
LG