Accessibility links

ХОК басшысы WADA-ны сынады


Томас Бах, ХОК президенті. Рио-де-Жанейро, Бразилия, 1 тамыз 2016 жыл.
Томас Бах, ХОК президенті. Рио-де-Жанейро, Бразилия, 1 тамыз 2016 жыл.

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікті (WADA) Ресей олимпиада құрамасын жарыстан толықтай шеттету туралы ұсынысын сынады. Томас Бах WADA ресейлік спортшыларды допинг қолданды деп Рио олимпиадасының басталуына бірнеше апта қалғанда ғана айыптап, осылайша ХОК-та шешім қабылдауға уақыт қалмады дейді. Ол нәтижесінде ХОК спортшыларды Рио Олимпиадасына қатыстыру құқығын халықаралық спорт федерацияларының құзырына қалдырып, федерациялар ұсынған шешімді Олимпиада басталуына санаулы күн қалғанда ғана қарастырып жатқанын айтады.

Осы аптаның басынан бері ресейлік ондаған атлет Рио Олимпиадасынан шеттетілген.

«Бұл шешім әділеттік принципінен шығарылып отыр. Әділеттілік саясаттан тәуелсіз болуы тиіс. Тағылған айыптың салмағы ауырлығына байланысты біз ресейлік спортшылардың кінәсіздік презимпциясын қорғай алмадық. Екінші жағынан, біз спортшыларды өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу құқығынан айыра алмадық. Ешкімді де үкіметінің дұрыс емес әрекеті үшін жазалауға болмайды» деді Бах 1 тамызда Риода өткен ХОК жиынында.

XS
SM
MD
LG