Accessibility links

ІІД: Мақтаралда заңға қайшы әрекет жасау күдігімен ондаған адам ұсталды


Диxан ауылында төбелес кезінде зардап шеккен үйлер. Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 2 тамыз 2016 жыл.
Диxан ауылында төбелес кезінде зардап шеккен үйлер. Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 2 тамыз 2016 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы Сейфуллин ауыылндағы оқиғадан соң 34 адам ұсталды деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі. Полицияның мәліметінше, 2 тамызда Мұратбаев ауылында құрылыс дүкенінің есігіне от қойылып, оған күдікті ретінде Асықата ауылының 30 жастағы тұрғыны ұсталған.

Департамент баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, дүкен есігіне от қоюдан 52 мың теңге залал келген. Ресми ақпарат бойынша, бұған қоса Дихан ауылында жергілікті тұрғындардың 2 қосалқы қорасына өрт қойылып, одан үйдің ауласында тұрған "Газель" көлігі өртенген. Қазір полиция кінәлілерді анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

ІІД заңға қарсы іс-әрекеттердің алдын алу үшін жүргізілген рейд кезінде ауданның 34 тұрғыны ұсталып, ішкі істер бөліміне жеткізілгенін, олардың заңға қайшы әректетерге қатысы бар-жоғы анықталып жатқанын айтады. Рейд кезінде 7 таяқ пен бензин құйылған 5 литрлік ыдыс тәркіленген.

Қазір ішкі істер министрлігінде жедел штаб құрылып, оқиға орнына ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мен облыс әкімі барған.

Кеше ОҚО ІІД басшысының орынбасары Сырым Абдуллаев "жергілікті тұрғындар арасында бұзақылық іс-әрекеттер болып", оқиға кезінде үш адам жараланып, бір дүкеннің әйнегі қирағанын айтқан. Полицияның мәліметінше, "бұзақылық әрекетке Сейфуллин ауылы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына сексуалды сипаттағы әрекеттер жасалды деген күдігі себеп болған".

XS
SM
MD
LG