Accessibility links

Обама: Хакерлер шабуылы Мәскеумен қарым-қатынасқа қатты ықпал етпейді


Барак Обама, АҚШ президенті.

Барак Обама, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Барак Обаманың сөзінше, Демократиялық партияның компьютерлік желілеріне "ресейлік хакерлер жасаған" шабуыл Вашингтонның Мәскеумен онсыз да күрделі қарым-қатынасына аса ықпал етпейді.

АҚШ федералдық тергеу бюросы маусым айында болған хакерлік шабуылды тергеп жатыр. Ол кезде партия басшылығының өзара жазысқан мыңдаған электрондық хаты ұрланып, кейін жарияланып кеткен. Бұдан соң Демократиялық партия съезі басталардың алдында дау шыққан. Съезде Хиллари Клинтон президенттікке кандидат ретінде ресми түрде ұсынылған. Клинтон партияның компьютерлік желілеріне заңсыз кірді деп Ресейді айыптаған.

Обама "Бірқатар мәселелер бойынша АҚШ пен Ресейдің ұстанымдары қазірдің өзінде алшақ. Бірақ меніңше, біз әзірге мүдделеріміз ортақ салаларға көңіл бөле аламыз" деді.

2 тамызда электрондық хаттардың жариялануына байланысты даудан Демократиялық партия басшылығындағы тағы үш адам отставкаға кеткен. Жарияланып кеткен кейбір хаттарда партия төрағасы Дебби Вассерман-Шульц пен партияның бірқатар мүшесі праймериз кезінде бәсекелес сенатор Берни Сандерске емес, Хиллари Клинтонға іш тартқаны байқалған.

XS
SM
MD
LG