Accessibility links

Қазақстан әлем климаты туралы Париж келісіміне қол қойды


БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері алдында тұрған туы (Көрнекі сурет).

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтері алдында тұрған туы (Көрнекі сурет).

Қазақстан климаттың өзгеруі туралы Париж келісіміне қол қойды деп хабарлады бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Келісімге қосылған елдер ауаға "парник газдарын" шығаруды азайтуға септесуге міндеттеледі. Министрлік ақпаратына қарағанда, сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов келісімге 2 тамызда Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде қол қойған.

2015 жылы 12 желтоқсанда Парижде өткен ғаламдық форумда қабылданған келісімге осы кезге дейін 175 мемлекет қол қойған.

Келісімде оған қол қойған барлық ел ауаға шығаратын қалдықты азайту, технологиялық қайта жарақтану және климаттың өзгеруіне бейімделу мақсаттарын түзуі керегі айтылады. Жаңа халықаралық келісімде табиғи қазба отын түрлерін пайдаланудан бас тарту қарастырылмаған. Ал дүниежүзі бойынша көмірқышқыл газын шығару шектелмейді.

Құжатта 2020 жылдан бастап дамушы мемлекеттерге жыл сайын климатты сақтауға байланысты технологиялық және өнеркәсіптік мұқтаждығына 100 миллиард доллар қаржы бөліп отыру қарастырылған.

Париж келісімі - климатқа қатысты орындалуы тиіс ғаламдық алғашқы құжат саналады.

XS
SM
MD
LG