Accessibility links

Адвокат: Кибраев ісінде процессуалдық келісімге өтініш бердік


Азаматтық белсенді Ринат Кибраев.

Азаматтық белсенді Ринат Кибраев.

Бүгін Алматының Алмалы аудандық сотында азаматтық белсенді Ринат Кибраевқа қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті.

Процесске журналистерден өзге Ринат Кибраевтың туған туыстары мен оның жақтастары да келді. Алайда "порцестің жабық өтетінін" айтқан сот қызметкерлері "залда тек адвокаттары мен күдікті қалуы тиіс" деп, өзге адамдарды шығарып жіберді.

Сыртқа шыққандардың арасында Ринат Кираевтың анасы – Гүльмира Кибраева да болды. Ол өзінің "қоғамдық қорғаушы" статусын ала алмағанын, енді ұлына қатысты процесстің қалай өтетінін бақылай алмайтынын" айтып шығымданды.

Ринат Кибраевтың адвокаты Жанар Балғабаеваның түстен кейін Азаттыққа сот отырысында өздері «процессуалдық келісім жасау туралы» өтініш тапсырғанын айтты.
- Судьяға порцессуалдық келісім жасау мүмкіндігін айтып, өтініш бердік. Прокурор бұл өтінішті басшылықпен ақылдасуы керегін айтты. Судья келесі сот процесін тамыздың 8-іне белгіледі, - дейді адвокат.

26 жастағы азаматтық белсенді Ринат Кибраевты қылмыстық кодекстің 309 бабы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және сутенер болу») бойынша айып тағылып отыр. Жақтастары Ринат Кибраевты «оның белсенділігі үшін жазалап» отыр деп біледі.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG