Accessibility links

Emirates ұшағы өртін сөндіру кезінде бір өрт сөндіруші қаза тапты


Дубай әуежайына апатты жағдайда қонып, өртенген ұшақ корпусы. Бірікккен Араб Әмірліктері, 3 тамыз 2016 жыл.

Дубай әуежайына апатты жағдайда қонып, өртенген ұшақ корпусы. Бірікккен Араб Әмірліктері, 3 тамыз 2016 жыл.

Дубай әуежайына апатты жағдайда қонған Emirates әуе компаниясының ұшағындағы өртті сөндіру кезінде бір өрт сөндіруші қаза тапты. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда Boeing 777 ұшағының қатты бүлініп, корпусы өртеніп жатқаны байқалады.

Бұған дейін Дубайда орналасқан компания 3 тамызда Үндістанның Тируванантапурам қаласынан ұшып келе жатқан ұшақта барлығы 300 адам болғанын, ешкім зардап шекпегенін және олар түгелдей эвакуацияланғанын хабарлаған.

Ұшақтың апатты жағдайда қонуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Дубай басшылығы апатты жағдай кезінде әуежайда барлық ұшып келетін және ұшып кететін рейстер уақытша тоқтатылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG