Accessibility links

Лондонда шабуылдан бір адам қаза тапты


Лондонның орталық Рассел-сквер алаңында шабуыл болған орында жүрген полицейлер. Ұлыбритания, 4 тамыз 2016 жыл.
Лондонның орталық Рассел-сквер алаңында шабуыл болған орында жүрген полицейлер. Ұлыбритания, 4 тамыз 2016 жыл.

Лондонның орталығындағы Рассел-сквер алаңында пышақпен қаруланған адам шабуыл жасап, бір әйел қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, 4 тамызға қараған түні болған шабуылдан бес адам жараланған. Полиция шабуыл жасаған адамды оқиға болған мезеттен көп ұзамай ұстаған.

Пышақталған әйел жарақатынан оқиға орнында жан тапсырған. Жараланған өзге адамдардың жағдайы әзірге белгісіз. Полиция шабуылдың терроризммен байланысы бар болуы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.

Шабуыл жасаған адамның аты-жөні әзірге жарияланбады.

Шабуыл болған орын Британ мұражайы мен Лондон университетіне жақын орналасқан. Оқиға орнын полиция қоршауға алған.

XS
SM
MD
LG