Accessibility links

Рио-де-Жанейроға Олимпиада алауы жеткізілді


Бразилия президенті Дилма Руссефф Олимпиада алауын бразилиялық волейболшы Фабиано Клаудиноға тапсырып тұр. 3 тамыз 2016 жыл.

Бразилия президенті Дилма Руссефф Олимпиада алауын бразилиялық волейболшы Фабиано Клаудиноға тапсырып тұр. 3 тамыз 2016 жыл.

Рио-де-Жанейроға Олимпиада ойындарының алауы жеткізілді. Агенттіктердің хабарлауынша, Бразилия құрамасының желкенді қайық спорты бойынша жеті атлеті шамдалды Рио жағалауына жеткізіп, ол жерде алауды қала мэрі Эдуард Паэс отбасымен бірге күтіп алды. Мэр шамдалды тұтатып, оны бірнеше минут бойы портты зонада алып жүрді де, эстафетаны спорт колледжінің 15 жастағы студенті Ребека Мораэс душ Сантосқа берді.

Олимпиада алауы 2016 жылдың 3 мамырынан бастап Бразилияны шарлап, 5 тамызда Риода Олимпиаданың ашылу салтанатына жеткізіледі. Шамдал Бразилияның 300-ден астам үлкен және шағын қалаларын аралап шығады.

Рио-де-Жанейро мэрі 4 тамызды ресми демалыс деп жариялаған. Бұл күні эстафетаға қатысушылар қаланы шарлайды. Жергілікті билік бұл қалада кәдімгідей кептеліс тудыруы мүмкін деп қауіптенеді.

Бразилияда 31-жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада Оңтүстік Америка құрлығында бірінші рет өткізілгелі тұр.

XS
SM
MD
LG