Accessibility links

Қазақстан Ресейден ірі қара мал әкелуге уақытша шектеу енгізді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Ресейден үй жануарлары мен жабайы аң, жануарлардан алынатын шикізат пен өнім, генетикалық материалдар, мал терісін кіргізуге уақытша шектеу салды деп хабарлады бүгін Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігі.

Шектеу Ресейдің Ямало-Ненецкий автономиялық округінде сібір жарасы індетінің шығуымен байланысты 3 тамыздан бастап енгізілген.

Ямало-Ненецкий округінде 25 шілдеден бері карантин жарияланған. Автономиялы округтің 20 тұрғынынан "сібір жарасы" індеті жұққаны анықталып, індеттен 12 жастағы бір бала көз жұмған. 90 адам дәрігерлік бақылауда.

Ресейдің бірқатар аймағынан нодулярлық дерматит ошақтарының табылғанына байланысты 4 тамыздан бастап Ресейден ірі қара мал мен осы ауруға бейім басқа да жануарларды кіргізуге уақытша шектеу қойылды. Сонымен бірге ірі қара мен нодулярлық дерматит ауруына бейім жануарлардың өнімдері, олардан алынған генетикалық материалдар және бұрын ірі қара малдарды ұстап, тасымалдаған қондырғыларды кіргізуге де шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG