Accessibility links

Украинаның экс-премьері Николай Азаровты тергеуге шақыртты


Николай Азаров, Украинаның бұрынғы премьер-министрі.

Николай Азаров, Украинаның бұрынғы премьер-министрі.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Николай Азаровты елдің бас прокуратурасына жауап беруге шақыртты.

Прокуратура сайтында жарияланған Азаровты шақырту құжатында тергеу Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке бағынышты "қылмыстық ұйымдардың" "Укрнафта" және Укргазвыдобування" компанияларының екі миллиард гривенге тең мүлкін иелену ісімен байланысты екені айтылады.

Тергеу 9 тамызға белгіленген.

Украина үкіметін 2010-2014 жылдары басқарған Николай Азаровқа елде билік ауысқан соң халықаралық іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG