Accessibility links

ТЖД: ОҚО-дағы өрттен үш вагон өртенді


"Мұнай-БК" ЖШС территориясындағы өрт. Оңтүстік Қазақстан облысы, 4 тамыз 2016 жыл.

"Мұнай-БК" ЖШС территориясындағы өрт. Оңтүстік Қазақстан облысы, 4 тамыз 2016 жыл.

Шымкент түбінде болған өрттен үш теміржол вагоны өртенді деп хабарлады Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен (ТЖД).

Департаменттің бас маманы Зарипа Абдоллақызының Азаттыққа айтуынша, өрт Қарабұлақ елді мекенінің жанында, Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистралды жолы бойында орналасқан "ҚазСтройсервис" кәсіпорны аумағында сағат 10:40 шамасында шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 11:03-те барған. Алдын ала мәлімет бойынша, "ҚазСтройсервис" ЖШС аумағында екі жүк көлігі тиелген екі вагон мен жартылай мұнай өнімі құйылған цистерналы вагон соқтығысқан. Бұдан өрт шығып, соқтығысқан үш вагон толық өртеніп кеткен.

Сағат 13-ке таман "ҚазСтройсервис" ЖШС аумағындағы өрттің таралу алды алынған. Бұдан соң өрт сөндірушілер "Мұнай-БК" аумағына өткен өрттің мұнай сақталған резервуарларға тиюінің алдын алу үшін өртті сөндіретін арнайы көбік шашқан. Қазір өрттің резервуарларға тию қаупі жойылған.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 100-ден астам өрт сөндірушісі мен 20-дан астам техникасы жұмылдырылған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG