Accessibility links

Шымкенттегі өрт сөндірілді


Шымкент түбінде шыққан өрт. 4 тамыз 2016 жыл

Шымкент түбінде шыққан өрт. 4 тамыз 2016 жыл

Шымкенттің іргесінде 4 тамыз күні шыққан өрт "Мұнай-БК" компаниясының аумағына өткен кезде барып толық сөндірілді деп хабарланды. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Зарипа Абдоллақызы Азаттыққа өрттің кешкі сағат 17:03 шамасында өшірілгенін айтты.

Жергілікті билік шұғыл оқиға кезінде төтенше жағдайлар департаментінің техникаларынан бөлек әкімдіктің су таситын тоғыз автокөлігін пайдалануға мәжбүр болған. Соңғы деректер бойынша 12 цистенер, үш вагон және екі көлік өртенген. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өрт Шымкенттің іргесіндегі Қарабұлақ елді мекенінің жанында, Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистралды жолы бойында орналасқан "ҚазСтройсервис" кәсіпорны аумағында сағат 10:40 шамасында шыққан. "ҚазСтройсервис" аумағында екі жүк көлігі тиелген екі вагон мен жартылай мұнай өнімі құйылған цистерналы вагон соқтығысып қалған еді. Өрт кейін "Мұнай-БК" компаниясының аумағына жайылған болатын.

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметкері Азаттыққа өртті сөндіруге 100-ге тарта қызметкер мен 20 техника жіберілгенін айтқан.

ВИДЕО: Шымкент іргесіндегі өрт.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG