Accessibility links

Алматыда "Жас Алаш" журналистерінің шағымы бойынша сот басталды


Полиция жер реформасына қарсылық акциясынан хабар таратпақ болған журналисті ұстап көлікке кіргізіп жатыр. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.

Полиция жер реформасына қарсылық акциясынан хабар таратпақ болған журналисті ұстап көлікке кіргізіп жатыр. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.

Алматының Әуезов аудандық сотында бүгін "Жас Алаш" басылымының 21 мамыр күні ұсталған журналистерінің шағымы бойынша сот тыңдауы басталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, журналистерге сотқа смартфонмен кіруге рұқсат етілмеді. Сот "Жас Алаш" журналистері Асылхан Әбдірайым, Сансызбай Молдасанов және Қуаныш Нұрданбекұлының шағымдарын қарап жатыр.

Сот басталар алдында адвокат Гүлнара Жуаспаева Азаттыққа алдын ала тыңдауға жауапкер жақ - Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі қатыспағанын айтты. Оның сөзінше, шағым үшінші рет тапсырылғанда қабылданған.

21 мамыр - Қазақстанның бірнеше қаласында, оның ішінде Алматыда жүздеген адам жер реформасына қарсы рұқсат етілмеген митингіге шықпақ болғанда полиция ондаған журналист пен азаматтық белсендіні ұстаған. Бұл күні полиция жүздеген адамды ұстап, қарсылық акциясын болдырмай тастаған. Ұсталғандар полиция бөлімшелеріне жеткізіліп, сол күні босатылған.

21 мамырда бірнеше қалада ұсталған журналистер арасында Азаттық тілшілері де болған. Ішкі істер министрлігі журналистердің ұсталуын "түсінбестіктен болды" деп мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG