Accessibility links

Қырғызстанда 1916 жылғы көтеріліске арналған автокеруен жолға шықты


1916 жылғы көтеріліске арналған "Өмір көші-100" деп аталатын автокеруенге қатысушылар. Шу облысы, Қырғызстан, 5 тамыз 2016 жыл.

1916 жылғы көтеріліске арналған "Өмір көші-100" деп аталатын автокеруенге қатысушылар. Шу облысы, Қырғызстан, 5 тамыз 2016 жыл.

Қырғызстанның Шу облысының Сокулук ауданы Асылбаш ауылында 1916 жылғы көтеріліс арналған "Өмір көші-100" деп аталатын автокеруен жолға шықты.

Автокеруен ауылдағы 1916 жылғы оқиғаларда қаза тапқан 138 тұрғынның әруағына құран бағыштаған соң жолға шықты. Шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірге президент аппараты басшысының орынбасары Мира Карыбаева қатысты. Ол президент Алмазбек Атамбаевтың автокеруенге сәттілік тілеген хатын оқып берді.

Автокеруен 1916 жылы көтеріліс болған жерлерге барып, үркіншілік құрбандарының әруағына бағыштап құран оқиды.

Қырғызстанда қырғыз халқының патшалық Ресейге қарсы көтеріліске шыққанына 100 жыл толуы мемлекеттік деңгейде атап өтіліп жатыр.

1916 жылғы көтеріліс Ресей патшасы Екінші Николайдың тылдағы қара жұмысқа Орталық Азия мен Сібір және Астрахан губерниясының "бұратана" халықтарынан адам алу туралы жарлығы себеп болған. Жарлық бойынша, тылдағы жұмысқа 19 бен 43 жас аралығындағы 400 мыңға тарта ер адам алынуы тиіс болған. Бұл жарлықтан соң Қазақстан мен Орталық Азияда ірі және шағын көтерілістер болды. Патша үкіметі көтерілістерді басуға жазалаушы отрядтарын жіберді. Қазақ даласында қарсылық Екінші Николай тақтан тайдырылған 1917 жылға дейін жалғасты.

XS
SM
MD
LG