Accessibility links

Фетхулла Гүлен: Түркияда тәуелсіз сот жоқ


Фетхулла Гүлен.
Фетхулла Гүлен.

АҚШ-та тұратын Түркиядан шыққан діни қайраткер Фетхулла Гүлен Түркия сот жүйесін өзін қамауға сырттай ордер берген соң сынады. Ресми Анкара Гүленді 15 шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды.

Гүленнің сөзінше, Түркияда тәуелсіз сот жоқ, ал Стамбул сотының 4 тамызда өзін қамауға сырттай ордер беруі президент Режеп Тайып Ердоғанның "демократиядан алыстап бара жатқанын" білдіреді. Гүлен Түркиядағы төңкеріс жасау әрекетін бірнеше рет айыптағанын және өз ұйымының оған қатысы жоғын бірнеше рет айтқанын мәлімдеді.

Түркияда әскерилердің шағын тобының мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін басып тастаған соң 10 мыңнан астам адам ұсталып, 70 мыңға тарта мемлекеттік қызметкер, полицей мен әскерилер қызметтен босатылған. Олардың барлығы Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікке ілінген.

4 тамызда Ердоған Гүленмен байланысы бар делінген барлық жекеменшік компанияларды "терроризм ұясы" деп атап, кірісінен айыруға уәде берген.

XS
SM
MD
LG