Accessibility links

Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді


Бразилия президенті Дилма Руссефф Олимпиада алауын ұстап тұр. Рио-де-Жанейро, 3 тамыз 2013 дыл.

Бразилия президенті Дилма Руссефф Олимпиада алауын ұстап тұр. Рио-де-Жанейро, 3 тамыз 2013 дыл.

Рио-де-Жанейрода бүгін "Маракана" стадионында 31-Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Ашылу салтанаты Астана уақыты бойынша сенбі күні таңғы сағат 4-те басталады.

Оңтүстік Америка құрлығында бірінші рет өтетін Олимпиада ойындары 21 тамызға дейін болады. 28 спорт түрі бойынша жарысқа 206 мемлекет пен босқындар командаларынан он мыңнан астам спортшы қатысады. Ойынға Косово мен Оңтүстік Судан мемлекеттері бірінші рет қатыспақ.

Олимпиада басталуымен қатар Ресейдегі допинг дауы, Зика вирусының таралуы, қаладағы инфрақұрылым мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қатар туындаған.

Ауыр экономикалық құлдырау мен саяси дағдарыста тұрған Бразилияда қоғамдық тәртіпті сақтауға ондаған елден 85 мың қауіпсіздік күштерінің қызметкері жұмылдырылмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Олимпиаданың әлі сатылмаған бір миллионнан астам билеті қалған.

XS
SM
MD
LG