Accessibility links

Назарбаев отбасына "жақын адам" ҚазТрансОйл басшысы болды


Қазақстандағы мұнай құбыры. Көрнекі сурет.

Қазақстандағы мұнай құбыры. Көрнекі сурет.

5 тамыз күні "ҚазТрансОйл" компаниясы басшысының ауысқанын мәлімдеді. Компания таратқан ресми ақпаратқа сәйкес 35 жастағы Димаш Досанов 6 тамыздан бастап "ҚазТрансОйлдың" бас директоры болып тағайындалған.

Ресми мәлімет бойынша Димаш Досанов "үш университет бітірген": ҚазҰУ, ҚазЭУ және Джорджтаун университеті (АҚШ). Досанов қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген деп сипатталады. Ол 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданының әкімдігінде, 2004 жылы Индустрия мен сауда министрлігінде, кейін "ҚазМұнайГаз" компаниясында іс басқару салаларында қызмет атқарған.

Досанов 2014 - 2016 жылдары "Қазақстан-Қытай құбыр желісі" компаниясын басқарған. Биылғы қаңтардан бастап "ҚазТрансОйл" компаниясының басқарма мүшесі, бас директорының орынбасары болып келген.

Harpersbazaar.kz сайты Димаш Досановты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның "жақын адамы" ретінде көрсетеді. Ал кейбір жергілікті БАҚ оны "Әлия Назарбаеваның күйеуі" деп таныстырады.

XS
SM
MD
LG