Accessibility links

"Бахыт-X1" үлескерлері Астанада шағым айтты


Наразы "Бахыт-X1" үлескерлері. Астана, 5 тамыз 2016 жыл
Наразы "Бахыт-X1" үлескерлері. Астана, 5 тамыз 2016 жыл

5 тамызда "Бахыт-X1" компаниясының кеңсесіне ондаған үлескер жиналып, басшылыққа "міндеттемесін орындамады" деп кінә артты. Басшылық кездесуге шықпағасын үлескерлер қарсылық акциясын ұйымдастырып, журналистерге мұңдарын жеткізді.

Жиналғандардың сөзінше, 2012 жылдан бері арзан пәтер салу туралы уәде берген компанияның жобасына 400-ден астам адам қаржы салған. "Жастар-4" тұрғын үй кешені 2013 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бірақ тоғыз подъездің тек екеуі дайын болған.

"Бахыт-X1" компаниясының үлескері Гүлшат Әкімбекова бұл үй кешенінде үш пәтерге ақша салғанымен біреуіне де қол жеткізе алмағанын айтады. Үлескерлер 6 тамыз күні митинг өткізу туралы Астана әкімдігіне өтініш берген, бірақ қала билігі жиын өткізуге рұқсат етпеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG