Accessibility links

Анкарада Назарбаев пен Ердоған кездесті


Түркия президенті Режеп Ердоған (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Анкара, 5 тамыз 2016 жыл.
Түркия президенті Режеп Ердоған (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Анкара, 5 тамыз 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Анкарада Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесуде екіжақты ынтымақтастықпен бірге аймақтық және халықаралық мәселелер жайын талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында Назарбаев қазіргі таңда Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 1600-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп жатқанын, түрік компаниялары осы кезге дейін еле 20 миллиард доллар көлемінде мердігерлік жұмыстар атқарып, 460 нысан пайдалануға берілгенін атап өткен.

«Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларды құрады», – деген Назарбаев алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10 миллиард долларға жеткізу көзделіп отырғанын айтқан.

Ол Қазақстанның әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Түркиямен күш жұмылдыруға дайын екенін мәлімдеген.

«Біз 21-ғасырдың басты кеселі – терроризмге қарсы үзілді-кесілді тойтарыс беруге келістік. Елдеріміздің арасындағы әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық орнықты дамып отыр», – деген Назарбаев.

Өз кезегінде Ердоған Қазақстан президентіне Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге күш салғаны және тарихы сапары үшін тағы да алғыс айтып, Назарбаев – Түркиядағы әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін бұл елге келген алғашқы мемлекет басшысы екенін атап өткен.

XS
SM
MD
LG