Accessibility links

Францияда бардағы өрт салдарынан 13 адам қаза болған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Францияның солтүстігіндегі Руан қаласында Cuba Librе барында болған өрт салдарынан 13 адам мерт болып, 6 адам жарақат алған. Қайғылы оқиға сенбіге қараған түні болған. Барда бір топ жас достарының туған күнін тойлап жатқан кезде өрт шыққан.

Оқиға болған жерге ондаған өрт сөндіруші жеткен. Алдын ала болжам бойынша, өртке кездейсоқ жайт себеп болған.

Францияда бірнеше теракт жасалғаннан кейін елдегі құқық органдары күшейтілген тәртіп бойынша қызмет атқарады. Сондықтан кез-келген апат оқиғаларына қатысты тексеру жүргізгенде тергеушілер оның экстремистік іс-әрекетпен байланысының бар-жоғына назар аударады.

XS
SM
MD
LG