Accessibility links

Ереванда сегіз адам тәртіпсіздіктер ұйымдастырған деп айыпталды


Еревандағы қақтығыстарда зардап шеккен журналистердің бірі. 30 шілде 2016 жыл.

Еревандағы қақтығыстарда зардап шеккен журналистердің бірі. 30 шілде 2016 жыл.

Армения құқық органдары сегіз адамға Еревандағы Сари Тах ауданында шілденің 29-ы күні кешкісін тәртіпсіздіктер ұйымдастырған деген айып тағып отыр. Олардың үшеуі оппозициялық «Жарангутюн» («Мирас») партиясының белсенділері, біреуі – «Жаңа Армения» қозғалысының мүшесі. Олардың әріптестері билікті «оппозицияны қудалайды» деп айыптап, жаппай тәртіпсіздіктер үшін полиция жауап беруі тиіс деп санайды.

Оппозиция шеруіне шыққандар мен полиция арасында болған қақтығыс салдарынан екі жақтан да адамдар жарақат алған. Сонымен бірге бірнеше журналист, солардың арасында Азаттықтың Армян қызметінің (Азатутюн радиосы) тілшілері де зардап шеккен.

Армян оппозициясы Ереванның Эребуни ауданындағы патрульдік-полиция полкі ғимараты аймағын 17 шілде күні басып алып, 31 шілдеге дейін ұстаған «Сесна црер» қарулы тобына қолдау танытып бірнеше күн бойы акциялар өткізген. Қарулы топ полиция аумағын басып алған соң бірнеше полиция қызметкерін кепілдікке алған, кейін жүргізілген келіссөздер нәтижесінде оларды босатқан. Өткен жексенбі күні қарулы топ берілген.

Арменияда бұл іс бойынша 44 адамға айып тағылған және екі адам күдікті саналады. 42 адам тұтқындалған. Оқиғалар барысында жараланған үш адам ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG