Accessibility links

Мәскеу бюджетіне мұнайдан гөрі мигранттардан кіріс көп түскен


Мәскеудегі еңбек мигранты. (Көрнекі сурет.)
Мәскеудегі еңбек мигранты. (Көрнекі сурет.)

Ресей билік орындарының дерегі бойынша, Мәскеу қаласының бюджетіне 2016 жылдың бірінші жартысында мұнай компанияларынан түскен кіріспен салыстырғанда еңбек мигранттарынан екі есе көп кіріс кірген.

Мәскеу экономикалық саясат департаментінің бастығы Максим Решетниковтың «Интерфакс» агенттігіне хабарлауынша, аталған кезеңде 195 мың еңбек патенті берілген. Олардың әрқайсысы 4200 рубль тұрады.

Квота жүйесіне қарағанда патент жүйесі жақсы жұмыс істейді дейді Решетников. Оның мәліметі бойынша, биыл заңды тіркелген еңбек мигранттарының 43 пайызын – Өзбекстан азаматтары, ал тәжіктер – 30 пайызды, украиндар – 16 пайызды құраған.

XS
SM
MD
LG