Accessibility links

Елдос Сметов – Рио олимпиадасының күміс жүлдегері


Дзюдошы Елдос Сметов - Рио олимпиадасының күміс жүлдегері. 6 тамыз 2016 жыл.
Дзюдошы Елдос Сметов - Рио олимпиадасының күміс жүлдегері. 6 тамыз 2016 жыл.

Рио олимпиадасында 60 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов әуелі ливиялық Мохаммед әл-Кавишахты, ұлыбританиялық Эшли Маккензиді және өзбекстандық Диорбек Урозбоевты жеңді. Жартылай финалда ол әзербайжандық Орхан Сафаровты ұтты.

Ал финалда ресейлік Беслан Мудрановпен күресіп, негізгі уақытта тең шығып, қосымша кезеңінде жеңіліп қалды.

Елдос Сметов 2014 жылы Инчондағы (Оңтүстік Корея) Азия ойындарында, 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында және биыл Ташкенттегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Бұған дейін Рио олимпиадасында қазақстандық дзюдошы қыз Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль алған.

Риодағы олимпиада ойындары 21 тамызда аяқталады.

Олимпиада күміс жүлдегері Елдос Сметовтің Азаттыққа сұхбаты:

XS
SM
MD
LG