Accessibility links

Қырымға Украинадан адамдар мен көліктерді өткізбей тұр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Қырымдағы өткізу бекеттері Украинаның құрлықтағы бөлігіне және ол жақтан түбекке адамдар мен көліктердің кіріп-шығуын доғарды. Украина мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, Каланчак, Чаплинка және Чонгар өткізу бекеттерінде жұмыс тоқтап тұр. Шекара қызметі мұндай шара Ресей жағының шешімі бойынша қабылданғанын айтады. Оның себебі белгісіз.

Украинаның Қырым түбегін 2014 жылы көктемде Ресей аннексиялап алған. Қырымда өткен «референдум» нәтижесін әлем елдерінің көпшілігі, соның ішінде АҚШ пен Еуропа одағы мойындаудан бас тартып, Ресейді Украинаның территориялық біртұтастығын құрметтеп, Қырымды оған қайтаруға шақырып келеді.

XS
SM
MD
LG