Accessibility links

Атырауда құрылыс басында жұмысшы қаза болған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Атырау қаласында тамыздың 6-сы күні «Нұрсая» шағын ауданындағы құрылыс алаңында жұмысшы мерт болғаны туралы жергілікті «Ақ жайық» басылымы хабарлады.

Төтенше жағдайлар қызметіне оқыс оқиға туралы хабар жергілікті уақыт бойынша сағат 20.40 кезінде түскен. Атырау түбіндегі Тасқала кентінде тұратын 20 жастағы жігіт жаңадан салынып жатқан құрылыс ғимаратының төртінші қабатынан құлаған. Қатты зардап шеккен жұмысшы алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болған.

Құрылыс нысанындағы қайғылы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG