Accessibility links

Лондон соты пышақпен жасалған шабуылға күдіктіге айып тақты


Дәрігерлер шабуылдан қаза болған адамның сүйегін көлікке салып жатыр. Рассел-сквер, Лондон, 3 тамыз 2016 жыл.

Дәрігерлер шабуылдан қаза болған адамның сүйегін көлікке салып жатыр. Рассел-сквер, Лондон, 3 тамыз 2016 жыл.

Лондон соты сенбі күні 19 жастағы Норвегия азаматы Закария Булханға көшедегі адамдарға пышақпен шабуылдау қылмысына байланысты айып тақты. Булхан сотқа адвокатсыз өзі ғана қатысты деп хабарлайды The Guardian.

Шыққан тегі сомалилік Закария Булханға 64 жастағы АҚШ азаматшасын өлтірген және тағы бес адамды өлтіруге әрекет жасаған деген айып тағылып отыр. Тергеушілер Булханның экстремистік ұйымдармен байланысы барына дәлелдер таппаған. Сот шешімі бойынша айыпкер тамыздың 9-ына белгіленген келесі сот тыңдауына дейін қамауда қалады.

Тамыздың 3-і күні кешкісін Лондондағы Рассел-сквер алаңында пышақпен қаруланған жас жігіт көшеде кетіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасаған. Полиция суыт хабар алғаннан кейін алты минуттан соң Закария Булханды тұтқындаған.

XS
SM
MD
LG