Accessibility links

Ресейде зауыт жұмысшылары еңбекақыны талап етіп аштықты жалғастырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде «Верхнесинячихинский металлургический завод» акцинерлік қоғамының 30-ға жуық жұмысшысы өздеріне төленбеген еңбекақы қарызына байланысты аштық акцияларын қайта жалғастырды. Наразылық акцияға қатысып жатқандар – кәсіпорыннан жұмыстан босатылғандар мен қысқартуға ұшыраған жұмысшылар. Кәсіпорында еңбекақы төлемін 2015 жылдың қараша айынан бері кешіктіріп отыр.

Ашық аспан астында аштық жариялап жатқан наразылардың есептеуі бойынша, кәсіпорын қарызының жалпы сомасы алты миллионға рубльге жуық. Бұған дейін жұмысшылар кәсіпорын әкімшілігінен еңбекақыға берешек 11 миллион рубльді төлеуді талап етіп, биыл шілде айында аштық акциясын бастаған. Басшылық оларға талап етіп отырған ақшаны төлеуге уәде бергеннен кейін жұмысшылар аштықты тоқтатқан.

«Верхнесинячихинский металлургический завод» кәсіпорны шойыннан жасалған өнімдер шығарады. 2015 жылы сәуірде қаржы қиындықтарына байланысты өндіріс уақытша тоқтатылған.

Росстат мекемесінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде Ресей көлемінде еңбекақыға қарыздың жалпы көлемі төрт жарым миллиард рубльді құрайды.

XS
SM
MD
LG