Accessibility links

Донбаста тәулік ішінде украиналық үш әскери қаза тапқан


Украиналық әскерилер. Маринка елдімекені, 6 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Украиналық әскерилер. Маринка елдімекені, 6 шілде 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Донбаста өткен тәулікте украиналық үш әскери қаза тауып, тағы төртеуі жараланған. Киевтің мәлімдеуінше, жанжалға қатысушы екі тарап арасындағы сызық маңында сепаратистердің ауыр техникасының орын ауыстырғаны байқалған.

«Артиллериялық жүйелерді әкеліп, бөлімшелерді, соның ішінде ресейлік әскерилерді де алмастырып жатқаны байқалады», - деп мәлімдеген Украина президенті әкімшілігінің өкілі Андрей Лысенко. Барлығы тәулік ішінде сепаратистер украиналық әскерилер позицияларын 50-ден аса рет атқылаған.

Донбаста қарулы жанжал басталғалы бері тоғыз жарым мыңға жуық адам мерт болған. Олардың көбі артиллериялық қарудан атқылау барысында қазаға ұшыраған.

Минск келісімдері бойынша, 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап ауыр артиллерияны қолдануға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG