Accessibility links

ИМ Ауғанстанда америкалық қару-жарақты қолға түсіргенін мәлімдеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының содырлары Ауғанстанда америкалық қару-жарақты қолға түсіргендерін мәлімдеді деп хабарлайды Reuters.

Исламшылар америкалық әскерилер қолданатын гранаталар, портативтік зымыран қондырғылары, радиостанциялар және өзге де техникалардың суреттерін жариялаған. Фотосуреттерде сонымен бірге АҚШ армиясы сарбазының жеке куәлігі де бар. ИМ тобы суреттегі бұл заттардан әскерилер операциялардың бірінде айырылған дейді. АҚШ әскери басшылығы ондай оқиға қашан және қайда болғанын анықтауға тырысып жатыр.

Биыл шілде айында АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстан территориясында 2017 жылға дейін 8400 америкалық әскери қалатыны туралы мәлімдеген. Оған дейін америкалық контингенттің санын бес мың адамға дейін қысқарту жоспарланған еді.

XS
SM
MD
LG