Accessibility links

Олимпиаданың екінші күні Қазақстан медаль алған жоқ


Арли Чонтей Рио олимпидасында. 7 тамыз 2016 жыл.

Арли Чонтей Рио олимпидасында. 7 тамыз 2016 жыл.

Риодағы олимпиада ойындарының екінші күні (7 тамыз) Қазақстан құрамасы медаль иеленген жоқ. Зілтемір көтеруден 56 килограмда сынға түскен ауыр атлет Арли Чонтей қоссайыс қорытындысы бойынша 278 килограмм салмақты көтеріп, төртінші орын алды. Бірақ ол алтын алған қытайлық Лун Цинцюаньнан 29 килограмм, қола алған таиландық Синфет Круаитонгтан 11 килограмм аз көтерді.

Жарыстан кейін Арли Чонтей Азаттық тілшісіне "Толқынысымды жеңе алмадым. Басым айналып не істерімді білмедім" деді.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға шыққан Дмитрий Баландин сегіз спортшының арасынан 8-орынды иеленді.

Финалдан соң Баландин Азаттық тілшісіне "Қатты қобалжып, өз мүмкіндігімді толық көрсете алмадым. Олимпиада финалы өте жауапты сын. 100 метрге жүзуде қате жібермеу керек. Ал мен алғашқы елу метрде қателік жіберіп қойдым" деді.

Дзюдодан 60 килограмм салмақта Жансай Смағұлов екінші айналымда кореялық Ан Ба Улдан жеңіліп, жүлдесіз қалды.

6 тамызда қазақстандық қос дзюдошы Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль алған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG