Accessibility links

Шведова мен Воскобоева Рио Олимпиадасынан шығып қалды


Ярослава Шведова, қазақстандық теннисші.
Ярослава Шведова, қазақстандық теннисші.

Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева Рио Олимпиадасының жарысынан шығып қалды. Шведова жекелей сындағы алғашқы ойында жапон Мисаки Доиден 6:3, 6:4 есебімен ұтылды.

Бұл күні жұптасып өнер көрсетуде Шведова мен Воскобоева алғашқы сетте бельгиялық Кристен Флипкенс пен Янин Викмайер жұбына 6:1 есебімен есе жіберіп, медициналық себеппен матчты ары қарай жалғастырудан бас тартты.

Екінші раундта Флипкенс пен Викмайер испандық Гарбинье Мугуруса және Карла Суарес-Наварро жұбымен кездеседі.

Шведова және Воскобоевамен қазақстандық теннисшілердің Рио Олимпиадасындағы жарысы айқталды.

XS
SM
MD
LG